Қызылқоға ауданының 24 жастағы тұрғыны 20 қарашада таңғы сағат 5:00 шамасында үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған
Атырау облысында із-түзсіз жоғалып кеткен жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Қызылқоға ауданының 24 жастағы тұрғыны 20 қарашада таңғы сағат 5:00 шамасында үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған.
«Ақ Жайық» басылымының жазуынша, жас жігітті іздеуге ТЖД және полицияның үлкен күштері, кейіннен «ҚазАвиаҚұтқарус» АҚ тікұшағы жұмылдырылған болатын, алайда еш нәтиже бермегендіктен, іздеу жұмыстары қысқартылған еді.
Белгілі болғандай, жігіттің денесін 16 желтоқсанда Қаракөл ауылынан 22 шақырым жердегі Өмірәлі қыстағы маңындағы бейіт арасынан малын іздеп жүрген бақташы тауып алған.