Салдарынан 27 жастағы қыз мерт болып, жігіт ауыр халде ауруханаға түсті
Кешегі қайғылы оқиға облыстағы апатпен аяқталмай, қалада да адам өлімі орын алды. Алматыда жол көлік апатынан 1 адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Оқиға Розыбакиев пен Есқараев көшелерінің қиылысында орын алған. Куәгерлердің мәлімдеуінше, Ланд Крузер Прадо көлігі Есқараев көшесімен шығыс бағытта қозғалып келе жатып Лексус көлігіне соқтығысқан. Одан жол жиегіне шығып кетіп, жаяу кетіп бара жатқан тағы 3 адамды қаққан. Оқиға орнында бір адам жан тәсілім етті. Қазір жағдайдың мән-жайы анықталуда.
Жол апаты салдарынан 1992 жылы туған қыз оқиға орнында көз жұмды, жігіт ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Тағы бір қызға алғашқы медициналық көмек көрсетілді, ол ауруханаға жатудан бас тартты.
Трагедияның мән-жайын анықтау үшін оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері, криминалистер мен анықтаушылар жұмыс істеп жатыр.