Сарыағашта пошта қызметкері жұмысынан 35 млн теңге жымқырған

11.11.2021 22:47

Оқиғаның мән-жайы анықталуда

Фото: ашық дереккөзден


Түркістан облысында 35 миллион теңгені алаяқтық жолмен жымқырған пошта қызметкері мен оның екі сыбайласы ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.        

Оқиға Сарыағаш ауданындағы жергілікті мекемелердің бірінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша күдіктілер қорға жиналған қомақты соманы өзге шотқа аударып, кейін үшеуі өзара бөлісіп алған. Анықталғандай, қолға түскендердің екеуі Түркістан облысының азаматы болса, үшіншісі – Семей қаласының тұрғыны.                                          

«Аталмыш арыз бойынша Сарыағаш аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабымен қылмыстық іс қозғап, қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. Іс бойынша 3 күдікті азамат ұсталып, қазір қамауда отыр», – деді Сарыағаш аудандық полиция басқармасы тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі Тимур Момбеков.