Көкқайнар шағынауданының Мәмбетов көшесіндегі зақымданған су құбыры 23 қараша күні сағат 21.00 ретке келтірілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Алатау ауданы Көкқайнар шағынауданында 23 қарашада 1960 жылы салынған құдықтағы бекіту темірі зақымдалып, су сыртқа атқылаған.
Диспетчерлік бөлмеге хабар сағат 15:30 келіп түскен, апаттық қызмет оқиға орнына сағат 15.55 жеткен. «Алматы Су» МКК қызметкерлері зақымдануды 21.00 жойды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Нөсерлі жаңбырдың және су бұру жүйесінің болмауы салдарынан осы жердегі 15 жуық үйдің ауласын су басып қалды. Аудан әкімдігінің қызметкерлері жағдайды зерделеу үшін су басу учаскесінің аймағындағы ауланы аралап шықты.
Абоненттерді сумен қамтамасыз ету ретке келтірілді, ЖЭО-2 штаттық режимде жұмыс істеуде.
Алматы қаласы бойынша су құбыры желісінің тозуы 55,8%, кәріз желісінің тозуы 57.5% құрайды. Желілер біртіндеп, кезеңмен жаңартылып жатыр.
Оқи отырыңыз: Жетісу ауданында кейбір ғимаратқа жылу беру уақытша тоқтатылады