Қарағандыдағы батут иесі жұмыстан шығарылды

Zakon.kz
Zakon.kz
ТЖК төрағасы жауап берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер Қарағандыдағы аударылған батуттың иесі туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Осы уақытқа дейін қайғылы оқиғаға себеп болған батуттың иесі өрт бөлімшелерінің бірінің жетекшісі екені айтылды. Және, бір қызығы, құжат ол осы жағдайдан бес күн бұрын, яғни 20 мамырда жұмыстан шығу туралы өтініш жазған болып шықты. Осыған байланысты жұртшылық көкейінде күдікті сауал туғаны

«Оның жұмыстан шығуына қатысты тексеру жүргізілді. Маған сеніңіздер, оны ешкім бұрынғы датамен жұмыстан шығарған жоқ. Ол расымен де бізде 2001-2019 жылдар аралығында жұмыс істеді. Жақсы қызметкерлердің бірі болды. Бұл бизнеспен өзі айналыспаған. Әйелі 2018 жылы жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, сол істеген. Күйеуі оған тек көмектесіп жүрген. Полиция қызметкерлері одан жауап алған кезде ол күйеуінің өзіне көмектесіп келгенін айтты. Жалпы мұнда шиеленіскен ешнәрсе жоқ», - деді Беккер үкімет кулуарында.

Сондай-ақ ол Қазақстанда батут орнатуға қатысты есеп жүріп жатқанына тоқталды.

Естеріңізге сала кетейік, 25 мамырда Қарағанды қаласында Орталық саябағында  күшті желдің салдарынан батут аударылып, бір бала қайтыс болған болатын. Қайғылы оқиғадан кейін батутты орналастырған аттракцион иесі ұсталды.

Новости партнеров