Қираған ғимарат астынан 6 адам табылды
Оралда кафедегі жарылыс салдарынан екі адам қаза тапты. Бұл туралы БҚО Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Үйінді астынан тағы 6 адам құтқарылған. Оның бесеуі ауруханаға жеткізіліп, біреуі медициналық көмектен бас тартты. Төтеншеліктердің айтуынша, қиранды астында қалып қойған адам болуы мүмкін. Апаттық-құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Алдын ала болжам бойынша, жарылыс газ-ауа қоспасының салдарынан болған.
– 2024 жылдың 4 қаңтарында сағат 02:07-де Сырым Датұлы, 52 мекенжайында орналасқан 2 қабатты «Ризық» кафесінде газ-ауа қоспасының жарылыс болды. Соның салдарынан кафенің оңтүстік қабырғасы мен төбесі құлады, – деді ТЖД бастығы Ернұр Өтегенов.
Оқи отырыңыз: Павлодар облысында автобус шахта маңындағы шұңқырға құлады