Алматыда 7 жасар қызды зорламақ болған педофил ұсталды

фото из открытых источников
фото из открытых источников
Оқиға MEGA Alma-ata ойын-сауық орталығының әжетханасында болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Кеше әлеуметтік желіде MEGA Alma-ata сауда, ойын-сауық орталығының әжетханасында кішкентай қыздарды аңдыған ер адам туралы хабар тарады. Бүгін белгілі болғандай, 7 жасар қызды зорламақ болған педофил бұрын сотталған 32 жастағы азамат болып шықты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

 «Шынында да екі кішкентай қыздың артынан әйелдер әжетханасына ер адам кіріп кеткен. Абырой болғанда, қыздардың бірі ол жерден сытылып шығып, шешесін көмекке шақырып үлгерген. Ал ол жағдайды СОО күзет қызметіне хабарлайды. Солайша күдікті тез ұсталып, құқық қорғау органдарына тапсырылды», - делінген Instagram парақшасында.

Бүгін бұл деректі Алматы қаласының полиция департаменті растады.

«Кәмелетке толмаған қыз балаға қарсы қылмыс жасады деген күдікті ҚР ҚК 128-бабы бойынша қамауға алынды. Ол - Ақтөбе облысының 32 жастағы тумасы. Бұрын да кәмелетке толмаған балаға зорлық жасағаны үшін сотталған. Қазір күдіктінің әрекеті ҚР ҚК бірден екі бабы: 121 бап, 4б және 124 бап, 1б бойынша қаралуда. Тергеу ісін Бостандық ауданының полиция басқармасы жүргізуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысы Алматы полициясы мен қала прокуратурасының бақылауына алынды», – деп хабарлады Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Новости партнеров