Жезқазғанда жолаушы тасымалдайтын автобус өртеніп кетті

22.02.2019 16:14

Жүргізуші мен кондуктор дер кезінде шығып үлгерген

nur.kz

Жезқазғанда қаланың қақ ортасында жолаушы тасымалдайтын автобус отқа оранды, деп хабарлайды NUR.KZ.

Төтенше жағдай Шевченко көшесінде 20 ақпанда болған. Абырой болғанда автобустың ішінде жолаушылар болмаған.

Жүргізуші мен кондуктор дер кезінде шығып үлгерген.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер отты сөндірген. Алайда қоғамдық көлік іске жарамсыз болып, қаңқасы ғана қалған.

Өрттің шығуына не себеп болғанын сарапшылар анықтайды. Өрт орнына жылжымалы зертхана келген.