Алматыда 13 жасар бала батуттан құлап, жарақат алды

04.01.2020 16:14

Жедел жәрдем жасөспірімді Алматы қалалық балаларға жедел медициналық қызмет көрсету орталығына жеткізді

фото из открытых источников

Алматыдағы Көк-Төбеде батуттан құлаған бала жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Науқасты жедел жәрдем қызметі Алматы қалалық балаларға жедел медициналық қызмет көрсету орталығына жеткізді. Дәрігерлер қарап, қажетті медициналық көмекті толығымен алып жатыр. Баланың жағдайы бірқалыпты», - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Полицияның айтуынша, 13 жастағы бала өзінің абайсыздығынан қарапайым батуттан құлап қалған, ата-анасының парк әкімшілігіне ешқандай наразылығы жоқ.