Үш адам көз жұмған оқиға Түрксіб ауданы Сейфуллин даңғылының бойындағы үйлердің бірінде болды
Үш адам көз жұмған оқиға Түрксіб ауданы Сейфуллин даңғылының бойындағы үйлердің бірінде болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Алматы қалсының Полиция департаментіне сілтеме жасап.
«69 жастағы ер адам отбасылық жанжалдан кейін 33 жастағы күйеу баласы мен 41 жастағы қызын атып өлтірді. Содан кейін ол өз-өзіне қол жұмсады», – делінген хабарламада.
Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде. Алдын ала мәліметтер бойынша, қару өзіне қол салған ер адамның атына тіркелген.
Қайғылы жағдайдың басқа да жағдайлары анықталуда.
Куәгерлердің айтуынша, Сейфуллин даңғылының бойындағы көлік қозғалысы шектеліп, оқиға орнында полиция мен жедел жәрдем қызметі жұмылдырылған.