Арыс трагедиясы: қаза тапқандар саны үш адамға жетті
Төтенше жағдайдан 3 күн өткен соң келісімшарт бойынша қызмет ететін әскери көз жұмды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Түркістан облысындағы Арыс қаласында болған төтенше жағдай салдарынан тағы бір адам қаза тапты. Келісімшартпен жұмыс істейтін әскери Шымкенттегі ауруханалардың бірінде ем қабылдаған болатын, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
«Қорғаныс министрлігі Арыс қаласындағы әскери бөлім қоймасында болған жарылыс салдарынан бүгін келісімшарт бойынша қызмет ететін әскери Ахметов А.Н. көз жұмғанын өкінішпен хабарлайды. Ол Шымкент қаласындағы ауруханалардың бірінде ем қабылдаған болатын», – делінген хабарламада.
Қорғаныс министрлігі басшылығы мен жеке құрам қаза тапқан әскеридің туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10