Бұл оқыс оқиға 31 наурызда болды
Маңғыстаудау Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр ауылында кішкентай бала дәретхана шұңқырына құлап кетіп, өлімнен аман қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Енді ғана аяқ басып жүрген сәби үлкендердің көзін ала бере ауладағы дәретхана ішін түсіп кеткен. Бұл оқыс оқиға 31 наурыз күні болды. Аталған ақпаратты өңірдің төтенше жағдайлар департаменті растады.
«Кеше күндіз сағат 13:12 кезінде Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылына шұғыл шақырту келіп түсті. Ауылдағы 2 орамда орналасқан үйдің ауласында орналасқан дәретхананың ішіне 2 жасар қыз бала түсіп кеткені бойынша ақпарат хабарланды. Алайда шақырылған жерге жеткенге дейін, өз күшімен құтқарылғаны белгілі болды», — деді Маңғыстау облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: Абай облысында су басқан аймақтан екі шопан құтқарылды