Әжетханадан табылды: Сарыағашта үш жастағы қыздың денесі жер қойнына тапсырылды

Сгенерировано ИИ
Сгенерировано ИИ

Зорлық-зомбылық белгілері жоқ

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сарыағашта денесі әжетханадан табылған үш жастағы қызды жақындары жер қойнына тапсырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ойын баласы он алтыншы мамырда жоғалған еді. Таңғы асты ішіп болған соң, далаға шығып кеткен бүлдіршін үйіне сол күйі оралмады. Сөйтіп Асылымды іздеуге ауыл-аймақ түгел кірісіп, үміт үш күн бойы үзілмегені. Алайда 18 мамыр кешкі сағат 22:30-да қыздың денесі көрші үйдің әжетханасынан анықталды. Оның ол жерге қалай тап болғаны әлі белгісіз.

Түркістан облысының Полиция департаменті:

«Түркістан облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы мен Сарыағаш аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жоғалған кішкентай қыздың денесі көрші үйдің дәретханасынан табылды. Зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Қыздың денесінде қандай да бір жарақат болмаған. Ал оқиғаның толық мән-жайы анықталуда».

Оқи отырыңыз: Шұғыл көмек қажет: ата-анасы қараусыз қалдырған екі балаға қауіп төнді

Новости партнеров