Жамбыл облысында жол апатынан 12 жастағы бала көз жұмды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде жүргізуші анықталып, оны бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысының Байзақ ауданы аумағындағы жергілікті маңызы бар Сарыкемер-Үшбұлақ көлік жолында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Фольксваген-Пассат» маркалы автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, бетон бағанаға соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға болған 12 жасар бала қаза тапты, ал 11 жастағы бала түрлі дене жарақаттарымен Байзақ ауданының орталық ауруханасына жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды. Көлік апатынан кейін жүргізуші көлікті оқиға орнында қалдырып, белгісіз бағытқа қашып кеткен. «Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі, 347-бабы (Ауыр зардаптар туындаған жағдайда көлік құралын басқаратын және жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзған адамның жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалуы ) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, тиісті сот сараптамалары тағайындалды», – делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында. 

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде жүргізуші анықталып, оны бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде. Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полиция департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық- процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, басқа деректер тергеу мүддесінде жариялауға жатпайтындығын хабарлаған.

Новости партнеров