Елімізде жыл басынан бері 39 браконьерлік дерегі анықталды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Браконьерлерден 1571 ақбөкен мүйізі мен 513 тұтас ет алынды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысының Балқаш ауданында заңсыз балық аулаған азаматтар ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Броконьерлерден 10 келі ақмарқа балығы мен тыйым салынған құралдар тәркіленді. Олар балықтарды электр тоғы бар қармақтармен аулаған. Заң бұзушылықты табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері мен ОХОТЗООПРОМ өкілдері анықтаған. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жалпы елімізде жыл басынан бері 39 броконьерлік дерек тіркелген. Жануарларды заңсыз аулау деректері былтырмен салыстырғанда биыл айтарлықтай өскен. Мәселен биыл 1571 мүйіз бен 513 киік еті тәркіленсе, өткен жылы 530 мүйіз бен 650 ақбөкен еті әшкереленіпті. Жалпы алғашқы жартыжылдықта мемлекеттік инспекторлар табиғатты қорғау заңнамасын бұзған 3748 фактіні анықтаған. Олардың ішіндегі үш мыңнан астамы әкімшілік, ал 12 броконьер қылмыстық жазаға тартылған.


Новости партнеров