«Қазақмыс» шахтасында жұмысшы қаза тапты

06.11.2023 16:18

Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр

elements.envato.com

«Қазақмыс» компаниясы Шығыс Жезқазған кенішінің №57 шахтасында қайғылы жағдай болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Компания осы оқиға салдарынан тау кен шебері көз жұмғанын мәлім етті.

«Қазақмыс» компаниясы 2023 жылы 5 қарашада Шығыс Жезқазған кенішінің №57 шахтасында болған жазатайым оқиға туралы өкінішпен хабарлайды. Жұмыс кезінде 1984 жылғы тау кен шебері өлімге әкелетін жарақат алды. Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр. «Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады», - деп жазылған хабарламада.