Кенжекөл-Павлодар тасжолында 8 адам жол апатына ұшырады

28.07.2022 в 16:18

Оларға медициналық көмек көрсетілген

Кенжекөл-Павлодар тасжолында 8 адам жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жол апаты кезінде жарақат алғандардың арасында балалар да бар. Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, JAC маркалы автобус «ВАЗ» көлігімен соғысқан қатты соққы салдарынан Volkswagen-ге барып жабысқан.

Бұл ретте 2 жеңіл көліктің жолаушылары зардап шегіп отыр. Оларға медициналық көмек көрсетілген.

Құқық қорғау органдары апат кезінде автобуста жүргізушіден басқа адам болмағанын айтады.

Аталған дерек бойынша тергеп-тексеру жұмыстары басталды.