Ақмола облысындағы теміржолда болған жол апатынан 3 адам көз жұмды

20.02.2023 16:19

Jiefang автокөлігі мен Бурабай-Астана жүк пойызы соқтығысқан

Фото: t.me/POLICE_of_KZ

20 ақпан күні Новокубанка ауылының 46 жастағы тұрғыны басқарған Jiefang автокөлігі мен Бурабай-Астана жүк пойызы соқтығысқан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Салдарынан оқиға орнында жүргізуші мен минивэннің 2 жолаушысы көз жұмды: олардың бірі 1975 жылы туған әйел болса, екіншісі – 1985 жылы туған ер адам. Екеуі де Астана қаласының тұрғындары. Тағы 3 жолаушы аудандық орталық ауруханаға жатқызылды.

Минивэн жүргізушісі тосқауылды айналып өтіп, бағдаршамның тыйым салатын сигналына қарамай, теміржол жолымен жүріп өткені алдын-ала анықталды.

Қылмыстық Кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.