Алматы облысында көлік апатынан 11 жастағы бала мерт болды

21.07.2022 16:38

Қажетті сараптамалар тағайындалған

ҚазАқпарат

Алматы облысында көлік апатынан 11 жастағы бала мерт болды. Оқиға Алматы-Жандосов-Бесмойнақ жолында болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«20 шілде күні сағат 12:05 те Қарасай ауданының полициясына Алматы-Жандосов-Бесмойнақ жолында көлік апаты болғандығы жөнінде хабарлама түсті. Оқиға орнынан анықталғандай, 39 жастағы «Тойота Камри» көлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, «ВАЗ» көлігіне соғылған. Оқиға орнында кәмелетке толмаған бала мерт болды. Екі көліктің де жүргізушілері түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді», – делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, қазір аталған факті ҚР ҚК 345-бабының 3 тармағы бойынша тергеліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалған.