Алаяқтар қарапайым схема бойынша әрекет етеді
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өкілі Қазақстанда алаяқтық жиілеп кеткенін ескертті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қазақстандықтарға жүргізуші куәлігін сатып алуды ұсынатын әлеуметтік желілердегі 30-ға жуық жазба мен хабарламаны анықтады. Алаяқтар қарапайым схема бойынша әрекет етеді. Клиент оларға қоңырау шалған кезде, құжат үшін 50-60 мың теңге сұрайды. Кейін бір ай ішінде беруге уәде береді. Ал төлем жасалғаннан кейін жасырынып қалып, телефондарын өшіріп тастайды", - делінген хабарламада.
2022 жылғы сәуірде ІІМ-не жүргізуші куәлігін алуға заңсыз жәрдемдескен 12 дерек бойынша ақпарат берілген.
"Азаматтарға арналған үкімет" өкілі жүргізуші куәлігін арнайы емтиханнан өту арқылы ғана алуға болатынын айтты.