Қарағанды облысында көмір шахтасы өртенді

16.02.2020 16:22

Өрт кезінде шахтада болған 116 адам шұғыл түрде эвакуацияланды

tengrinews.kz

Өрт Қарағанды облысы Шахтинск қаласының маңында орналасқан көмір шахтасында, 100 метр тереңдікте болды, деп хабарлайды Sputnik төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

"Өрт кезінде шахтада 116 адам болған. Олар сыртқа эвакуацияланды", - деп хабарлады Қазақстан ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті.

Оқиға 15 ақпан күні сағат 21:30-да тіркелген. Тілсіз жаумен күресуге өрт сөндіру қызметінің 60 қызметкері мен 6 техникасы жұмылдырылған. Шахта "АрселорМитталТеміртау" АҚ-қа тиесілі.