ҰҚК: Қазақ-қырғыз шекарасында жоғалған сарбаз төрт күннен бері табылмай жатыр
Фото из открытых источников
Осы факт бойынша тергеу және қызметтік тексеру жүріп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2 наурыздан бері із-түзсіз кеткен сарбазға іздеу салды, деп хабарлайды Almaty.tv.
ҰҚК шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті 2 наурызда жоғалып кеткен «Андас батыр» шекара бөлімшесінде мерзімді қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші қатардағы жауынгер Ұлықбек Айдарбекұлы Бердишевті іздеп жатыр.
"Іздеуге Жамбыл облысы бойынша шекара қызметінің департаменті мен полиция департаментінің күш-құралдары жұмылдырылған. Осы факт бойынша тергеу және қызметтік тексеру жүріп жатыр", – делінген хабарламада.
Ұ. Бердишевке қатысты қандай да бір ақпарат білетіндер мына телефон нөмірлеріне хабарласқаны абзал: 110 (ҰҚК сенім телефоны), 87172719458 (шекара қызметінің сенім телефоны).
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
26.10.2026 09:15
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
25.10.2026 10:30
25 қазанда Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
25.10.2026 10:05