Семейде көпқабатты үй өртеніп, 15 адам эвакуацияланды

19.11.2020 16:22

Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығу себебі – қасақана өртеуден болуы мүмкін

inform.kz

Семей қаласында өрт шыққан бесқабатты тұрғын үйден 15 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаметі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өрт бүгін сағат 03:00-дер шамасында шыққан. Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер подъездердің біріндегі ағаш есікті жалын шарпығанын көрді. 

«Түтін тұмшалаған подъезден 15 адам, оның ішінде 3 бала қауіпсіз жерге көшірілді. Өздігінен пәтерден шыға алмай қалған 1969 жылғы әйелді құтқарушылар көтеріп шығарды. Тілсіз жаудың жалпы аумағы 4 шаршы метрді құраған»,– деп хабарлады ведомство өкілдері. 

Айта кетейік, алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығу себебі – қасақана өртеуден болуы мүмкін.