Үш әйел қаза тапты: Алматыда жеңіл көлік пен автобус соқтығысты

20.12.2019 16:22

Жол апаты Водник ауылының маңында болған

Sputnik / Стрингер

Алматыда Боралдай тасжолында жеңіл көлік автобуспен соқтығысып, салдарынан үш жолаушы әйел қаза тапты, деп хабарлайды tengrinews.kz "Территория происшествий" бағдарламасына сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, жол апаты Водник ауылының маңында болған. Куәгерлердің айтуынша, Renault жүргізушісі батыс бағытта келе жатқан. Трудовик ауылына жақындағанда қарсы жолаққа шығып кеткен. Салдарынан №15 бағыттағы автобуспен соқтығысып, автобус өзен жаққа қарай ұшып кете жаздаған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш әйел (1960, 1978 және 1988 жылғы) жедел жәрдем көлігі келгенше оқиға орнында қаза тапқан.

Renault көлігінің тағы бір жолаушысы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Теги: женщины