|
18.11.2021 | 11:23
605

Ақтөбеде үш көлік соқтығысып, біреуі жанып кетті

Үш адам ауруханаға жеткізілді

Ақтөбеде үш көлік соқтығысып, біреуі жанып кетті ҚазАқпарат

Ақтөбеде жол-көлік оқиғасы салдарынан 3 көлік соқтығысып, біреуі жанып кетті. Үш адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бүгін сағат 06:00 шамасында Ақтөбе қаласындағы 312-атқыштар дивизиясы даңғылының бойында Daewoo Nexia автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, қарама-қарсы бағытқа шығып кетті. Салдарынан Lada Priora және Opel Vectra автокөліктерімен соқтығысқан. 

«Жол-көлік оқиғасы кезінде Daewoo Nexia автокөлігі оқиға орнында өртеніп кеткен. Daewoo Nexia автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы және Lada Priora автокөлігінің жүргізушісі түрлі жарақаттармен Ақтөбе қаласының медициналық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді», деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир