Ақтөбеде үш көлік соқтығысып, біреуі жанып кетті

18.11.2021 16:23

Үш адам ауруханаға жеткізілді

ҚазАқпарат

Ақтөбеде жол-көлік оқиғасы салдарынан 3 көлік соқтығысып, біреуі жанып кетті. Үш адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бүгін сағат 06:00 шамасында Ақтөбе қаласындағы 312-атқыштар дивизиясы даңғылының бойында Daewoo Nexia автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, қарама-қарсы бағытқа шығып кетті. Салдарынан Lada Priora және Opel Vectra автокөліктерімен соқтығысқан. 

«Жол-көлік оқиғасы кезінде Daewoo Nexia автокөлігі оқиға орнында өртеніп кеткен. Daewoo Nexia автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы және Lada Priora автокөлігінің жүргізушісі түрлі жарақаттармен Ақтөбе қаласының медициналық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді», – деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Толық көрсету