|
03.02.2022 | 11:23
695

Бейжіңде жер сілкінді

Оның ошағы қысқы Ойындар рәсімі өтетін «Құс ұясы» ұлттық стадионынан шығысқа қарай 11-15 шақырым жерде болған

Бейжіңде жер сілкінді Фото: ашық дереккөзден

Қытай астанасы Бейжің қаласында магнитудасы 2,7 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жерасты дүмпулер 3 ақпан күні жергілікті уақытпен сағат 01:55-те Бейжіңнен солтүстік-шығысқа қарай орналасқан Чаоян ауданында тіркелген. Оның ошағы қысқы Ойындар рәсімі өтетін «Құс ұясы» ұлттық стадионынан шығысқа қарай 11-15 шақырым жерде болды. Жер сілкінісінің ошағы 21 шақырым тереңдікте орналасты. Қытай астанасының бұл ауданында 3,45 млн астам халық тұрады. 

Қытай БАҚ хабарлауынша, астаналық Чаоян ауданында үйлері жер сілкінісі ошағына жақын орналасқан тұрғындар жерасты дүмпулерді сезінген. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы мәлімет келіп түскен жоқ. Бейжің қаласында XXIV қысқы Олимпиада ойындары 2022 жылдың 4-20 ақпан күндері, ал Паралимпиада ойындары – 4-13 наурыз аралығында өтеді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир