Жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырап, 2 адам зардап шекті

09.12.2021 16:23

Олардың жағдайы нақтыланып жатыр

Tengrinews.kz

Оралда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады. Мәншүк Мәметова көшесінде Daewoo Nexia көлігі арнайы көлікпен соқтығысып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел жәрдем жүргізушісі арнайы белгісі және шамдары қосылып тұрғанын айтты.

"Бірінші санаттағы жедел шақыртуға ереже бойынша бара жаттық. Жеңіл көлік көше қиылысында бізді өткізбеді, жол апаты болды", – деп атап өтті жүргізуші.

Жол апаты салдарынан екі фельдшер зардап шекті. Олардың жағдайы нақтыланып жатыр. Полиция жол апатына кінәлі адам анықталатынын хабарлады.