Нөсер жауын: Қытайда 7 мыңнан астам адам шұғыл эвакуацияланды

09.08.2021 в 16:23

Табиғи апат салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр

Қытай елінің оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында толассыз жауған нөсер жауын салдарынан 7 мыңнан астам адам шұғыл қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Провинцияның Су шаруашылығы басқармасының мәліметінше, сенбі күнгі сағат 8:00-ден бастап жексенбі күнгі 8:00-ге дейін Сычуань провинциясының солтүстік-шығыс бөлігі, соның ішінде Бачжун, Наньчун және Дачжоу қалаларында нөсер жауын жауып, жолдарды су басқан, жергілікті бірнеше өзенде су мөлшері жоғары деңгейден асып кеткен. 

Табиғи апат салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр.

Теги: нөсер