Рудныйда екі жастағы бүлдіршін терезеден құлап көз жұмды
© Photo : Рixabay/Tatlin
Бала терезенің москит торына сүйеніп тұрған. Өкінішке қарай, дәрігерлер сәбиді аман алып қала алмады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қостанай облысының Рудный қаласында екі жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті.
Трагедия 13 сәуір кешке Павел Корчагин көшесіндегі бес қабатты үйде болды. Ұл бала алған жарақатынан ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.
Құтқарушылардың айтуынша, сәби терезенің москит торына сүйеніп тұрған кезде құлап кеткен. Болған оқиға жайлы мәліметтер сотқа дейінгі тергеу бастау үшін полицейлерге берілді.
Рудный төтенше жағдай басқармасының қызметкерлері ата-аналардан балаларды пәтерде қараусыз қалдырмауды және сақтық шараларын қабылдауды сұрады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
06.10.2026 09:30
Елордада бес көлікті жалын шарпыды
06.10.2026 10:00
Алматыда коммуналдық қызметтердің қысқа дайындығы талқыланды
06.10.2026 11:20