Рудныйда екі жастағы бүлдіршін терезеден құлап көз жұмды

16.04.2022 16:23

Бала терезенің москит торына сүйеніп тұрған. Өкінішке қарай, дәрігерлер сәбиді аман алып қала алмады

© Photo : Рixabay/Tatlin

Қостанай облысының Рудный қаласында екі жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті.

Трагедия 13 сәуір кешке Павел Корчагин көшесіндегі бес қабатты үйде болды. Ұл бала алған жарақатынан ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.

Құтқарушылардың айтуынша, сәби терезенің москит торына сүйеніп тұрған кезде құлап кеткен. Болған оқиға жайлы мәліметтер сотқа дейінгі тергеу бастау үшін полицейлерге берілді.

Рудный төтенше жағдай басқармасының қызметкерлері ата-аналардан балаларды пәтерде қараусыз қалдырмауды және сақтық шараларын қабылдауды сұрады.