Қостанайда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түнгі сағат 02:00 шамасында полицияға жедел күзет қызметкерінен дүкенге шабуыл жасалғаны туралы хабар келіп түскен.
«Түнгі уақытта медициналық маска киген екі жігіт азық-түлік дүкеніне кірген. Содан соң бұзақылардың бірі сатушыны қылғындырып, мойнына өткір зат тіреген. Сатушы айғайлай бастағанда қосалқы үй-жайдан дүкеннің иесі келіп, дабыл түймесіне басқан. Нәтижесінде, күдіктілер қашып үлгерген», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ирина Беженарь.
Қазіргі уақытта полицейлер күдіктілерді ұстады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүріп жатыр.