Украинадағы әскери ұшақ апаты: 25 адам қаза тапты

26.09.2020 16:24

25 қыркүйекте сағат 20.50-де Чугуев қаласының маңында әскери әуежайдан шамамен екі шақырым қашықтықта Украина ҚК Ан-26 ұшағы құлап, өртенген

© REUTERS / Vyacheslav Madiyevskyy

Украина ҚК Әуе Күштері Ан-26 (б/н 76) ұшағы құлаған кезде 25 адамның қаза тапқандығы белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

25 қыркүйекте сағат 20.50-де Чугуев қаласының маңында әскери әуежайдан шамамен екі шақырым қашықтықта Украина ҚК Ан-26 ұшағы құлап, өртенген. Бортта 7 экипаж мүшесі және И.Кожедуб атындағы Әуе Күштері университетінің 20 курсанты, барлығы 27 адам болған, деп хабарлады Facebook-те УҚК Әуе Күштері басшылығы. 

Ұшу білім беру бағдарламасы шеңберінде өткен болатын.