|
21.01.2019 | 11:24
4334

Қостанайлық жігіт өзін тонаған ұрылардың сазайын беремін деп 2 жылға сотталып кетті

Қостанайлық жігіт өзін тонаған ұрылардың сазайын беремін деп 2 жылға сотталып кетті

Қостанай тұрғыны өзін тонамақ болған ұрылардың сазайын беремін деп істі болды. Ұрылардың арбауына түскен жігіт олардың ізін аңдып, қуып жеткен соң соққыға жыққан. Ақшаны кері қайтаруын талап еткен.

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Екі азамат 2018 жылдың басында түнгі клуб жанында қостанайлық азаматтан 5500 доллар ұрлап кеткен. Ақшасынан айырылған жігіт сол сәтте абыржып қалмай, екі ұрының ізінен аңдыған. Қуып жеткен соң, олардың бірін ағаш сақамен соққыға жыққан. Ол құзырлы органдарға болған оқиға жайлы хабар берген. Алайда ұрылардың сазайын өзі де берген.

Кейіннен күдіктілер «ұрлық» бабы бойынша істі болды. Сондай-ақ, оларды өз күшімен орнына қоймақ болған азамат та айыпты деп танылды. Ол өздігінен әрекет еткені үшін кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир