Алакөлде демалып жүрген 17 жастағы қыз қаза тапты

02.08.2020 16:26

Марқұм Алматыдан демалуға келген

Almaty.tv

«Ақнұр» демалыс орнының маңында, Алакөл көлінің жағасында биіктігі 2-3 метрлік жартас құлап, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алакөл ауданының ТЖК хабарлауынша, салдарынан 17 жастағы Алматы қаласының тұрғыны Шұғыла Армешова жартастың астында қалып,  қайтыс болды.

Басқа зардап шеккендер жоқ.