Қарағанды тергеу изоляторында ер адам өлі табылды

08.12.2019 16:27

Күдікті азамат өз камерасындағы жазасын өтеушіге азғындық жасағанын мойындаған

tengrinews.kz

Қарағанды тергеу изоляторындағы камерада ер адам өлі табылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Комитеттің хабарлауынша, 2 желтоқсанда Қарағанды облысы бойынша ҚАЖ департаментінің тергеу изоляторының қызметкерлері мекеме камерасынан қамауға алынғандардың бірінің мәйітін тапты. 

"Жедел-тергеу іс-шаралары барысында камерадағы адамдардың арасында жанжал туып, ол төбелеске ұласқаны белгілі болды. Олардың бірі екіншін жаралап, салдарынан ер адам қайтыс болған", - деп хабарлады ҚАЖК баспасөз қызметіндегілер. 

Күдікті кінәсін мойындады, қазіргі таңда тергеу жүріп жатыр.