Сот өз қызын зорлаған ерлі-зайыптыға үкім шығарды

24.02.2020 16:41

Қызға қатысты зорлық-зомбылық жасалғанын полицияға туыстары хабарлаған

Фото: pixabay.com

Қарағандыда қызды зорлаған өгей әкесі мен туған анасы сотталды. Қарағанды облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың мәліметіне сәйкес, қызға бір жыл бойы зорлық көрсетілген, деп хабарлайды sputnik.kz.

Отбасының жақындары мұндай сұмдық туралы мүлдем білмеген. Кейін қыздың өзі оларға айтып, көмек сұраған. Ақпарат бірден полицияға беріліп,  қыздың өгей әкесі мен туған анасы қамауға алынды. Сарапшылар 2006 жылы туған қызға қатысты азғындық пен зорлық жүйелі түрде жасалғанын анықтаған. Сондай-ақ, ерлі-зайыптыларға қылмыстық кодекстің 312-бабы 3-бөлігі 2-тармағына сәйкес ("кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелерi бар материалдарды немесе заттарды дайындау") айып тағылды.           

Судья Қайрат Қасымов жәбірленушіні сот залына қайта шақырмаған.  Қызға психологиялық жағынан қиын болмау үшін оның бұған дейін берген түсініктемесі есепке алынған. Іс қылмыстық кодекстің 124-бабы 1-бөлігі ("зорлау, жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау), 120-бабы 4-бөлігі ( "кәмелетке толмаған жәбірленушіге қатысты зорлық жасау" және 312-бабы 3-бөлігі 2-тармағына сәйкес ("кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелерi бар материалдарды немесе заттарды дайындау") қаралды.

Қыздың өгей әкесі 21 жылға бас бостандығынан айырылды. Анасы 16 жылын түрмеде өткізеді.