«Абай» шахтасында болған жарылыстан 6 адам қаза тапты

07.11.2021 в 16:28

Бұл кезде жер астында 64 адам болған

Бүгін сағат 08.30-да «Абай» шахтасында көмір мен газ жарылысы орын алды. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл кезде жер астында 64 адам болған. Қазір 52 адам жер бетіне шығарылды. Алдын ала ақпарат бойынша 6 адам қаза тапты. 2 адамның жағдайы ауыр. Қазіргі уақытта ВАСС Көмір күштері құтқару жұмыстарын жалғастыруда.

«Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Қаза тапқандардың отбасыларына қажетті жәрдем көрсетіледі», – деп жазды Қарағанды облысының әкімі.