Алматыда мас күйінде көлік жүргізген қыз жаяу жүргіншіні қағып өлтірді (ФОТО)

17.11.2019 17:48

Жол-көлік оқиғасы MEGA Alma-Ata СОО-ға қарама-қарсы жолда болған

"Территория происшествий"

Алматыда мас күйінде көлік жүргізген 27 жастағы қыз ер адамды қағып өлтірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жол апаты Розыбақиев көшесінде, MEGA Alma-Ata сауда орталығына қарама-қарсы жерде болды.

Куәгерлердің айтуынша, Hyundai көлігі Розыбақиев көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан. Сауда орталығының жанында 27 жастағы қыз рөлге ие бола алмай қалып, көлігі жаяу жүргіншілер жүретін жолға шығып кетіп, ер адамды соққан. Ол алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды.

Қазіргі уақытта ер адамның кім екені анықталып жатыр.

Медициналық тексерістен кейін адам қағып өлтірген қыздың қанында ішімдік болғаны анықталды.

Апат орнында оқиғаның мән-жайын білу үшін криминалистер, жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.







Теги: ДТП