Алматыда 19 жастағы бойжеткенді жігіті қызғаныштан өлтірген

28.01.2019 21:50

Алматыда із-түссіз жоғалып кеткен 20 жастағы бойжеткенді өлтіріп, денесін өз үйінің маңына көміп кеткен. Тәртіп сақшылары Валерия Погребняктың мәйітін кеше Қарасай ауданындағы Мерей ауылының маңынан қазып алды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Полицейлердің мәліметінше, қыздың өліміне өзінің жігіті күдікті ретінде жауапқа тартылып жатыр. Ол бұл әрекетке қызғаныштан барғанын айтып, кінәсін толық мойындапты. Айта кетсек, Валерия Погребняктың жоғалғаны туралы ақпарат өткен жұмада әлеуметтік желілерде пайда болған. Сол күні қыздың ата-анасы Әуезов аудандың Gолиция басқармасына арыз жазған.

«Іздестіру тобы құрылып, нәтижесінде соңғы рет бойжеткенді көрген оның досы Б. есімді азамат сұраққа алынған болатын. Оның енді берген жауабы ізкесушілердің тапқан дәйекзаттарымен тең болған жоқ. Ол адамның жалған ақпарат таратып жатқанына полиция қызметкерлері бірден көздерін жеткізген болатын», – деді Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат ӘЗІРБЕК.

Нәтижесінде, ол азамат Валерияны өз қолымен өлтіргенін және оның денесін қылмыстың іздерін жасыру мақсатында сол жерге көмгенін айтып, түсініктеме берген болатын.