ТЖ кезіндегі карантин режимінің талаптарын сақтамағаны үшін екі баланың ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабының 6-бөлігімен әкімшілік хаттамалар толтырылып, жинақталған құжаттар аудандық сотқа жолданды
Қызылордада үйлеріне оралмаған жасөспірімдерді полиция қызметкерлері тауып, ата-анасына қауыштырды, деп хабарлайды Polisia.kz.
19 сәуірінде сағат 14:00 шамасында Жалағаш ауданы, Таң ауылында 7 – 8 жастағы балаларының ойнап келеміз деп, үйлерінен шығып кетіп, қайта оралмағандығы жөнінде олардың ата-аналары полицияға арызданады. Үйлерінен ойнап келеміз деп шығып кеткен балаларын ата-аналары өздері іздей бастайды. Алайда, балаларын таба алмағаннан кейін сол күні сағат 23:05 шамасында Жалағаш ауданының Полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы Нұрбек Сариевке хабарлама береді.
Содан учаскелік полиция инспекторы Н.Сариев ахуалды толық нақтылап, “102” арнасына қоңырау шалған. Жедел түрде осы дерек бойынша бөлім бастығы Нурлан Ағаділовтің нұсқауымен топ құрылып, іздестіру жұмыстары басталады. Жалағаш ауданы Полиция бөлімінің қызметкерлері жоғалған балаларды түні бойы іздеп, түнгі сағат 03:00 шамасында Таң ауылынан шығысқа қарай 7 шақырым жерде орналасқан “Шіркейлі” каналының тұсында орналасқан шабындық жанында ұйықтап жатқан жерінен табады. Бабаларды іздестіруге ауыл тұрғыны Ахметов Төремұратта атсалысып, көмектесті.
Полицейлер оларды ата-аналарына аман-есен тапсырды. Төтенше жағдай кезіндегі карантин режимінің талаптарын сақтамағаны үшін екі баланың ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабының 6-бөлігімен әкімшілік хаттамалар толтырылып, жинақталған құжаттар аудандық сотқа жолданды. Сонымен қатар ата-аналар мен балаларға алдағы уақытта мұндай келеңсіз жағдай орын алмас үшін профилактикалық түсіндірме жұмыстар жүргізілді. Қызылорда облысының полиция Департаменті ата-аналарды төтенше режим кезінде жарияланған карантин талаптарын сақтап, балалардың жүріп тұруын қадағалауды сұрайды.