Ұсталғандар Қызғызстан жерінен Қазақстанға жаяу өтпек болған
Шекараны заңсыз кесіп өтпек 12 ауған азаматы ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқиға Жамбыл облысында 17 маусымда болған. Шекара қызметі департаментінің мамандары Ауғанстан Ислам мемлекетінің 12 азаматын шекарадан заңсыз өтпек болған жерінен құрықтаған. Құзырлылар заң бұзушылықты ұшқышсыз ұшу аппаратымен (ҰҰА) байқағанын айтады. Ұсталғандар Қызғызстан жерінен Қазақстанға жаяу өтпек болған.
Қазір уақытта аталған іске байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған.
«Қазіргі уақытта шекаралық қызметте пилотсыз ұшу аппараттарын қолданана алатын және жөндейтін мамандар арнайы даярланған. Олардың қолданыстағы нәтижелілігін, соңғы 3 жылда жақсы көріп отырмыз. Шекарадағы біраз заң бұзушылықтар осы аппараттар арқылы ашылып отыр. Аталған аппараттар арқылы шекарашылар шөлді, таулы әрі сулы жерлерді қиындықсыз бақылауда», – деді ҚР ҰҚК ШҚ Шекараны қорғау департаментінің бөлім басшысы Бахтияр Ахметжанов