Шақыру орнына ТЖД күштерінің жеке құрамының 7 адамы және 2 техникасы дереу жіберілді
19 ақпанда сағат 04:45-те Ақкөл ауданында Еңбек ауылы, Целинная көшесіндегі жеке тұрғын үйде өрт болды, өрт 65 шаршы метр алаңды құрады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шақыру орнына ТЖД күштерінің жеке құрамының 7 адамы және 2 техникасы дереу жіберілді.
«Сағат 06:55-те оқшауланған өрт 08:18-де толықтай сөндірілді. Өрт орнында үйінділерді талдау барысында 1966 жылы туған ер азаматтың денесі табылды. Ақмола облысының ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады. Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда «101» немесе «112» нөмірі бойынша хабарласу қажет», - делінген хабарламада.