Гүлдала ауылындағы газ жарылысы: екі адам қаза тапты

22.12.2023 16:30

Денесінің 95 пайызын күйік шалған ол 3 күн жансақтау бөлімінде жатқан

Almaty.tv

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы 32 жастағы ер адам 21 желтоқсанда қайтыс болғанын хабарлады. Тұрғын үйдегі газдың жарылуынан оның денесінің 95% күйік шалған, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Ауыр жарақат салдарынан 1991 жылы туған ер адам 21 желтоқсанда көз жұмды. Ал осы түнде 2003 жылғы бойжеткен жантәсілім етті. Оның денесін 3-4 дәрежелі күйік шалған», - деп хабарлады аурухананың баспасөз қызметі.

Еске салсақ, 17 желтоқсанда Алматы маңындағы Гүлдала ауылында жеке үйлерде газ жарылып, төрт адам зардап шекті. Олар ауруханаға жатқызылған еді. Сондай-ақ Гүлдала ауылдық округі әкімінің аппаратына және аудандық төтенше жағдайлар бөліміне алдын алу шараларын ұйымдастыру, тұрғын үйлерді аралау және тексеру тапсырылған болатын.