Апат сағат 08:44-те Қарағанды облысы Доскей ауылынан 5 шақырым жерде болған
30 қыркүйекте оқу-жаттығулар кезінде екі орынды ұшақ апатқа ұшырап, ішіндегі адамдар қаза тапты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 30 қыркүйекте таңертең болды.
- 2023 жылы 30 қыркүйекте оқу-жаттығу кезінде Қарағанды облысындағы Балапан алаңында P2002 типті Upla286 ұшағы сағат 07:46-да ұшып шыққаннан кейін байланысқа шықпаған. Іздеу барысында талқаны шыққан ұшақ пен екі адамның денесі табылды, - делінген Азаматтық авиация комитетінің мәтінінде.
Әзірге апаттың нақты себеп-салдары хабарланбайды. Тергеу жұмыстарымен Көлік министрлігінің оқиғаларды тергеу жөніндегі департаменті айналысады.
Сондай-ақ Азаматтық авиация комитеті апатқа ұшыраған ұшақтың суретімен бөлісті.
Әуе апаты жергілікті уақыт бойынша сағат 08:44-те Қарағанды облысы Доскей ауылынан 5 шақырым жерде болған.
Оқи отырыңыз: Көкшетауда ата-анасы кесірінен 1,5 жасар сәби жансақтау бөлімінде көз жұмды