Құтқарушылар жаңбырдың салдарынан жүргізуші тайғақ жолда көлікті басқара алмай, соңы қайғылы жағдайға алып келді деп болжауда
Түркістан облысы Ақсу ауылының маңында жантүршігерлік жол апаты болды. Анықталғандай жүк көлігі көпірден құлап, өртеніп кеткен. Салдарынан көліктегі адамдардың бірі қайтыс болды деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
Өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, оқиға 13 шілде күні сағат 17:44-те Сайрам ауданында, Ақсу ауылынан бес шақырым жерде, Алматы-Термез тас жолының 657-ші шақырымында болған. Volvo жүк көлігінің 25 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай көпірдің қоршауынан өтіп кетіп, содан кейін жүк көлігі құлап, аударылып, өртке оранған. Өрт салдарынан жүк көлігінің сау тамтығы қалмаған. Жүргізуші қашып үлгерген, ал оның серіктесі үлгере алмай қалған. Оқиға орнынан ер адамның күйген денесі табылды. Басылым жазғандай, екеуі де Қырғызстан азаматтары.
Өрттің таралуы 18:05-те тоқтатылып, 18:50-де толықтай жойылған. Құтқарушылар жаңбырдың салдарынан жүргізуші тайғақ жолда көлікті басқара алмай, соңы қайғылы жағдайға алып келді деп болжауда.