|
27.10.2021 | 13:01
2038

Нұр-Сұлтанда «Сергек» бағанасы әйелдің үстіне құлады

Бұл жайында қала тұрғыны Instagram желісіндегі пабликтердің бірінде жазды

Нұр-Сұлтанда «Сергек» бағанасы әйелдің үстіне құлады ҚазАқпарат

Елорда тұрғыны әлеуметтік желіде «Сергек» бейнебақылау жүйесінің бағаны үстіне құлап, аяғын жарақаттағанын айтып шағымданды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл жайында қала тұрғыны Instagram желісіндегі пабликтердің бірінде жазды. 

«Сығанақ көшесі, 11 мекенжайында, Sunrise тұрғын үй кешеніне тақау маңда сағат 13:20-да бағдаршамды күтіп тұрғанымда «Сергек» бағаны құлады. Абырой болғанда бір қадам артқа шегініп үлгердім. Әйтпесе басыма құлар еді. Кімге шағымдануға болады? Өлімге бір қадам ғана қалдым»,– деп жазды елордалық әйел. 

Сонымен қатар ол бағанадан зардап шеккен аяғының гипспен оралған суретін көрсетті және өзінің жұмыссыз қалғанын атап өтті. Бұл шағымға қалалық полиция департаменті жауап берді. 

«Осы жылдың 23 қазанында Сығанақ көшесі бойында Sunrise тұрғын үй кешеніне қарама-қарсы жерде жолдан өтпек болған 45 жастағы әйел «Сергек» камералары ілінген металл бағанның құлауы салдарынан аяғын жарақаттап алды. Аталған факті бойынша Есіл аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабымен сотқа дейінгі тергеуді бастады, тексеру жүріп жатыр»,– деді полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир