|
Jol
24.01.2019 | 11:32
2211

Павлодар облысында үш баланың әкесі өлтірілген: екінші күдікті іздеуде жүр

Павлодар облысында үш баланың әкесі өлтірілген: екінші күдікті іздеуде жүр

Павлодар облысында үш баланың әкесін өлтірген екінші күдіктіге іздеу жарияланды, деп хабарлайды Kaz.tengrinews.kz.

Полиция 37 жастағы Рустам Сагитовты іздестіріп жатыр. Ер адам Ақсу тұрғыны 34 жастағы Дәурен Мүбәраковты өлтірді деген күдікке ілінген. Оның бағыттамалары жан-жаққа жіберілген.

«Сагитов Рустам Каирбеков 03.04.1982 жылы туған, Ақсу қаласында тұрған ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі бойынша айып тағылған. Оның сипаттамасы: бойы 175-180 сантиметр, ірі денелі, сары шашты, беті сопақтау», - дейді Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері.

Қандай да бір мәлімет білетін адамдардан мына нөмірге хабарласуын сұрайды: 8 (7182) 39-12-32, 8-777-600-54-22, 8-705-987-22-53 немесе 102.

Дәурен Мүбараков 2018 жылы маусым айында Павлодар облысының бір ауылынан өлі табылған. Сот медициналық сараптама нәтижесінде қайтыс болған адамға 120 рет таяқпен соққы жасалғаны анықталды. Мылжасы шыққан денені жол бойындағы арыққа тастап кеткен.

Кісі өлімінен кейін полицейлер бір күдіктіні ұстады. Ол - Ақсу тұрғыны Жандос Мұхаметжанов. Сотта айыпталушы 2013 жылы қаза тапқан ағасының өлімі үшін кек алғанын айтқан.

Сонымен қатар, Дәурен Мүбәраков оған еш қатысы болмағаны анықталды.  Былтыр желтоқсанда сот Мұхаметжановты тоғыз жылға бас бостандығынан айырды.

Жәбірленушілер жазаның тым жеңіл екенін айтып, сот залында жанжалдасқан. Қайтыс болған ер адамның үш баласы бар. Ең кішкентай бірге де толмаған.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир