Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Атырау облысында қайғылы жол-көлік апаты болып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, адам өлімімен аяқталған оқиға 18 ақпанда Индер-Сағыз тасжолының 83-шақырымында болған.
«Сағат 21:30 шамасында УАЗ мен Toyota Ipsum көлітері бетпе-бет соқтығысқан. Оқиға салдарынан УАЗ көлігінің 1963 жылы туған жүргізушісі мен Toyota көлігінің 1962 жылы туған жолаушысы қаза тапты. Шетелдік көліктің екінші жолаушысы түрлі дене жарақатымен Индер аудандық ауруханасына жатқызылды», - делінген хабарламада.
Қазіргі кезде тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.