Алматыда қонақүй кешені өртеніп жатыр

27.05.2020 16:33

3 қабатты ғимараттың төбесі отқа оранған

Фото : Zakon.kz

Алматыда қонақүй кешенінің шатыры өртеніп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып.

Тілсіз жау Жетісу, 46б мекенжайында орналасқан қонақүйді шарпыған.

«Өрт сөндіру қызметкерлері Жетісу ауданында жылдам тарап жатқан өртті сөндіріп жатыр. 3 қабатты ғимараттың төбесі отқа оранған»,- деді Алматы ТЖД.